Алматы облысы әкімдігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің ғимаратында Алматы облысы әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиевтің қатысуымен Valmont компаниясының өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында зауытты “Қайрат” индустриялық аймағына орналастыру, инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша бірқатар ұйымдастырушылық және техникалық мәселелер қаралып, талқыланды.