Құрметті Жетісу облысының тұрғындары! «Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ алаяқтық жағдайлары туралы ескертеді.

Корпорация бірқатар мемлекеттік бағдарламаларда, оның ішінде «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша сенімді агент ретінде әрекет етеді. Осы бағдарламалар аясында Корпорация кеңес берумен, өтінімді қабылдаумен, жинақтаумен және өңдеумен айналысады. Осыған байланысты қатысу, кеңес алу, сондай-ақ жобаларды іске асыруға өтінімдер беру үшін Корпорацияның ресми қызметкерлеріне ғана жүгінуге және ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз. Сақ болып, алаяқтардың әрекетіне тосқауыл болыңыз!

Барлық сұрақтар бойынша мына мекенжайға хабарласуға болады: Талдықорған қаласы, Абылайхан к-сі 113, +7 (7282) 32 97 20. «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша жауапты қызметкерлердің байланыс нөмірі: +7 701 587 2159, +7 702 677 7909