Бүгін Жетісу облыстық сотында қаулыларды санкциялау және сот актілерін орындау мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті.
Іс-шараны ҚР Сот әкімшілігі Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Булат Джукенов жүргізіп, оған “Жетісу “ӘКК “ӨДИ” АҚ басқарушы директоры Қанат Темірғалиұлы, облыс прокурорының көмекшісі Бауыржан Орынбаев, әділет департаменті басшысының м.а. Жандос Бексұлтан, өңірлік ЖСО палатасы басшысының міндетін атқарушы Руслан Исаев, сонымен қатар аудандық соттар әкімшілерінің басшылары қатысты.
Сот әкімшілігі департаментінің ұйымдастыру-талдау бөлімінің басшысы Қарлығаш Әбдірайымова ағымдағы жылдың 5 айы бойынша статистикалық деректерді келтіре отырып баяндама жасады.
Сондай-ақ, бірлескен шешімді талап ететін басқа да өзекті мәселелер қаралды.
Айтылған мәселелер бойынша сот актілерін уақтылы орындау және сот орындаушыларының борышкердің ҚР шегінен тыс жерлерге шығуына уақытша шектеу туралы қаулыларын санкциялауға материалдарды дұрыс жолдау бойынша түсініктемелер мен ұсынымдар берілді.
Іс-шара барысында қатысушылар өзара қарым-қатынас пен серіктестік бойынша меморандумға қол жеткізу мүмкіндігін талқылады.