Бүгін Жетісу облыстық сотында қаулыларды санкциялау және сот актілерін орындау мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті.

Іс-шараны ҚР Сот әкімші­лігі Жетісу облысы бойынша департаментінің бас­шысы Булат Джукенов жүргізіп, оған “Жетісу “ӘКК “ӨДИ” АҚ басқарушы директоры Қанат Темірғалиұлы, облыс прокурорының көмекшісі Бауыржан Ор­ынбаев, әділет департа­менті басшысының м.а. Жандос Бексұлтан, өңірлік ЖСО палатасы басшысының міндетін атқарушы Ру­слан Исаев, сонымен қатар аудандық соттар әкім­шілерінің басшылары қатысты.

Сот әкімшілігі департаментінің ұйымд­астыру-талдау бөлімінің басшысы Қарлығаш Әбді­райымова ағымдағы жы­лдың 5 айы бойынша статистикалық дерект­ерді келтіре отырып баяндама жа­сады.

Сондай-ақ, бірлескен шешімді та­лап ететін басқа да өзекті мәселелер қаралды.

Айтылған мәселелер бойынша сот актілерін уақтылы орындау және сот орындаушыларын­ың борышкердің ҚР шегінен тыс жерлерге шығуына уақытша шек­теу туралы қаулыларын санкциялауға матер­иалдарды дұрыс жолдау бойынша түсіні­ктемелер мен ұсынымд­ар берілді.

Іс-шара барысында қа­тысушылар өзара қары­м-қатынас пен серікт­естік бойынша мемора­ндумға қол жеткізу мүмкіндігін талқылады.