«Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ шағын және орта бизнес субъектілерін (ШОБ) өндірістік үй-жайлар мен қажетті коммуникациялар тартылған шағын өнеркәсіптік аймақтарды (ШӨА) құру жобаларын іске асыруға қатысуға шақырады. Бұл жоба ШОБ-ты қолдау мақсатында ұйымдастырылған.
Жоба Қазақстан Республикасының 2023–2029 жылдарға арналған Өңдеуші өнеркәсіпті дамыту тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылуда және отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған.
Бағдарлама аясында төмендегілер қарастырылған:
✔ жаңа өндірістік нысандар салуға жеңілдетілген несиелеу;
✔ өндірістік алаңдарды жеңілдетілген жалға беру шарттарымен ұсыну.
Қатысуға келесі бағыттарға қызығушылық танытқан кәсіпкерлер шақырылады:
✔ жаңа өндірістерді іске қосу;
✔ заманауи өнеркәсіптік аймақтарда өндірісті орналастыру.
Бағдарламаға қатысу шарттары бойынша алғашқы кеңес алу үшін келесі мекенжайға хабарласа аласыздар: Талдықорған қаласы, Абылай хан көшесі, 113 немесе 8 (7282) 32 97 20 (ішкі 252) телефоны арқылы.