«Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ Талдықорған қаласы әкімдігінің қолдауымен «Әлдібек» ШҚ Қоғамы серіктесімен бірлесіп, 185 сауда орнына арналған «Әлдібек» жаңа әлеуметтік-әмбебап базарының ашылғаны туралы хабарлайды.

Жаңа заманауи базарда 54 сауда нүктесімен жабық павильон бар, сондай-ақ азық-түлік тауарларын, нан-тоқаш өнімдерін сатуға және басқа да қызметтерді көрсетуге арналған 75 бутик орналасқан.

Бұдан басқа, қала орталығындағы заңсыз сауданы жою үшін базар аумағында көптеген жылдар бойы өзекті болып келген стихиялық сауда мәселесін шешуге мүмкіндік беретін 56 арнайы орын бөлінген.

Базар аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын (ӘМАТ) өткізу қамтамасыз етіледі, бұл халық үшін тұрақты және қолжетімді бағаларды ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Бұл бағыт өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Талдықорған қаласы мен Жетісу облысының тұрғындары үшін тұрақты, қолжетімді бағаларды ұстап тұру үшін зор маңызға ие.

Базар Талдықорған қаласы, Гаухар ана көшесі, 66 мекенжайы бойынша Абай көшесінің қиылысында орналасқан.