«Жетісу» ӘКК мамандандырылған ұйым ретінде бағаны тұрақтандырудың 2 тетігін іске асырады: Азық-түлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру және кәсіпкерлік субъектілеріне «айналым схемасы»бойынша жеңілдікпен кредит беру.

2023-2024 жылдары ӘКК бағаны тұрақтандырудың осы тетіктерін іске асыруға 5 млрд.890 млн. теңге бөлді.

6 млрд. 523 млн. теңге сомасына 21 мың тонна тауар жеткізуге шарттар жасалды. 7 904 тонна ӘМАТ көлемінде тауарлық интервенция жүргізілді.
ӘМАТ-тың 18 атауы бойынша 6 млрд. теңге сомасына 13 мың тоннадан астам көлемде келісімшарттар қолданылады, сондай-ақ 4 Сауда субъектісіне 65 млн.теңге сомасына қарыздар берілді.

Тұрақтандыру қорында 1 млрд. 575 млн. теңге сомасына ЖМП-ның 8 атауы бойынша қорлар бар.
«Айналым схемасы» шеңберінде 17 тауар өндірушімен 4 млрд.396 млн. теңге сомасына келісімшарттар бар.