«Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандырудың 2 механизмін іске асыру бойынша мамандандырылған ұйым болып табылады, оның ішінде тұрақтандыру қорын қалыптастыру және кәсіпкерлік субъектілеріне «айналым схемасы» бойынша жеңілдікпен несиелендіру. 

2023-2024 жылдары Қоғамға бағаны тұрақтандыру бойынша аталған механизмдерді іске асыруға 5 млрд. 890 млн. теңге бөлінді.

Көрсетілген кезеңде 21 мың тонна тауар жеткізуге 6 млрд. 523 млн. теңге сомасына келісім-шарттар жасалды. Оның ішінде 7 904 тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының көлеміне тауар интервенциялары жүргізілді.

Ағымдағы күнге, бағаларды тұрақтандыру тектіктері бойынша 6 млрд. теңге сомасына 13 мың тоннадан астам көлемде 18 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауары бойынша келісім-шарттар бар, сондай-ақ 4 сауда субъектісіне 65 млн. теңге сомасына қарыз берілді.

Тұрақтандыру қорына тоқталып өтсек, қазіргі таңда қорда 1 млрд. 575 млн. теңге сомасына 8 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының қоры бар, оның ішінде 2 151 тонна – қант, 22 тонна – 1-сұрыпты ұн, 679 тонна – күріш, 575 мың литр – күнбағыс майы, 21 тонна – рожки, 64 тонна – қарақұмық жармасы,  727 тонна – картоп және 162 тонна – сәбіз.

«Айналым схемасы» аясында 17 тауар өндірушілермен 4 млрд. 396 млн. теңге сомасына келісім-шарттар бар, оның ішінде Ақсу қант зауыты, «Көгер ЛТД» ЖШС жұмыртқа бағытындағы құс фабрикасы, «Алатау құс» АҚ құс еті бағытындағы фабрикасы, «Sardar Export» ЖШС нан комбинаты, «Ляззат-2016» ЖШС сүт зауыты, картоп, сәбіз және пияз өндіретін 7 шаруа қожалықтары, Түркістан облысының ерте пісетін көкөністерді өндіретін 1 шаруа қожалығы, 2 наубайхана және 3 мал бордақылау алаңы бар.

Әрекет ететін келісім-шарттар бойынша 334 мың бөлке әлеуметтік нан, 95 тонна 1-сұрыпты ұн, 6 213 тонна қант, 572 тонна тауық еті, 7 млн. дана 1-санаттағы жұмыртқа, 198 тонна сиыр еті, 427 тонна сүт өнімдері және 986 тонна көкөністерді белгіленген бағада жеткізу міндеттемелері бар.

Келісім-шартталған тауарлардың жалпы көлемі облыс бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын тұтынудың жалпы көлемінің 5%-ын құрайды.

Бүгінгі күнге, Қоғамның 8 әлеуметтік сауда нүктелері және «Смолл» (нан бойынша), «Магнум», «Тоймарт» (1-санаттағы жұмыртқа бойынша) сауда желілері, сондай-ақ «үй жанындағы» дүкендер  арқылы қалыптастырылған қорға үздіксіз тауар интервенциялары жүргізілуде.

«Sardar Export» ЖШС-ның әлеуметтік қалыпты наны Талдықорған қаласы бойынша және жақын орналасқан аудандардағы «үй жанындағы» 100-ден астам дүкендерге жеткізіледі, «Ляззат-2016» ЖШС-ның сүт өнімдері Талдықорған қаласы бойынша 49-дан астам «үй жанындағы» дүкендерге жеткізіледі, 1-сұрыпты жұмыртқа Талдықорған қаласы бойынша 10 сауда объектілеріне және «Тоймарт», «Магнум» супермаркеттеріне жеткізіледі.

Сондай-ақ, «Sardar Export» ЖШС әлеуметтік нанға бағаны тұрақтандыру аясында, облыстың  22 наубайханасына арзандатылған ұн жеткізуді қамтамасыз етеді.

Бүгінгі күнге Қоғам 8 әлеуметтік сауда орындарын ашты, оның ішінде Талдықорған қаласында – 4 әлеуметтік дүкен және Үштөбе қаласында – 1 әлеуметтік дүкен, сондай-ақ, «коммуналдық базарда», «әлеуметтік базарда» және «Көкбазар» сауда үйінде сауда орындарын ашты.

Аталған сауда орындарында жеткізілетін тауарларға баға нарықтық бағадан орташа есеппен 10-15%-ға төмен. Мысалы, дүкен сөрелерінде, бүгінгі күні 1-санаттағы жұмыртқа құны ондығына 510 теңгеден артық емес (стат мәліметтер бойынша – 570 тг/онд.), күнбағыс майы – 510 тг/л (стат мәліметтер бойынша – 636 тг/л.), күріш – 340 тг/кг (стат мәліметтер бойынша – 502 тг/кг.), картоп – 110 тг/кг (стат мәліметтер бойынша – 165 тг/кг.), пияз – 30 тг/кг (стат мәліметтер бойынша – 90 тг/кг.), сәбіз – 140 тг/кг (стат мәліметтер бойынша – 221 тг/кг.) және т.б.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру механизмдері аясында жеткізілетін тауарлар бағасына мониторингті және бақылауды қамтамасыз ету мақсатында, Қоғам Сауда департаментімен және Жетісу облысының Кәсіпкерлік және индустриалық-инновациялық даму басқармасымен бірлесіп, сауда субъектілерінің сауда үстемесін сақтауына тексерулер жүргізеді.