Алматы облысының Өңірлік дамыту орталығының Алматы қаласындағы кеңсесінде канадалық делегация өкілдерімен кездесу өтті. Негізгі мақсаты – әртүрлі инвестициялық жобаларды талқылау, сондай-ақ одан әрі өзара тиімді ынтымақтастықты орнату.
Делегацияны Recycled Energy Corporation президенті және бас директоры Charles Christensen бастап келді.
Алматы облысынан «Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары А.Рахимов, «Алматы облысының Өңірлік дамыту орталығы» ЖШС директоры Ч.Макашев, индустриялық аймақтарды басқарушы компаниясының директоры А.Токсаба және т.б. қатысты.
Кездесуде Алматы облысының инвестициялық әлеуеті, «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА құрғақ порты мен Алматы облысының индустриялық аймақтары таныстырылды.
Сонымен қатар, кездесу аясында Алматы облысында қосымша қаржыландыруды қажет ететін жобаларға қатысты мәселелер талқыланды.
Өз кезегінде канадалық өкілдер Алматы облысы аумағында жүзеге асырылуы мүмкін жобаларды ұсынды.
Кездесу қорытындысы бойынша Канадалық делегация мен Алматы облысының әкімдігі өкілдері өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы келісімге қол жеткізді.